423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Францияда вакцина салу шарасы 2021 жылы басталады

  • 231
  • UPD: 11:27, 04.12.2020

Францияда халықты жаппай вакцинациялау шарасы келесі жылы басталмақ. Жергілікті билік зерттеуден өткен екпені қолдану үшін алдымен Еуроодақ келісімін  беру керек деп отыр. Болжам бойынша одақ «Пфайзер» мен «Модерна» препаратын желтоқсанның 29-ы мақұлдауы тиіс. Содан кейін ғана Францияның денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны тұрғындарға егу мәселесін қолға алмақ.

Айта кетейік, Франция 6 зертханамен келісімшартқа отырып, алдын ала 200 млн доза вакцинаға тапсырыс берді. Бұл дәрі 100 млн тұрғынға ғана жетеді. Ал келесі жылдың көктемінде Санофи мен Пастер Институтының француз зерттеушілері дайындаған препараты әзір болмақ. Ақпарат көздерінің хабарлауынша екпе алдымен қарттар үйінің тұрғындары мен қызметкерлеріне  егіледі. Ал 18 жасқа толмаған балаларға коронавируске қарсы вакцинаны егу жоспарда жоқ. 

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

- Елге келген вакцина үшін ғана төлем жасаймыз. Екпе егу шарасы барлығына бірдей тегін болады. Үкімет бұған 1,5 млрд еуро бөлді. Бұл сома алдағы жылы әлеуметтік қорғауға арналған бюджеттен алыпын отыр.

Хабар 24 телеарнасы