429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перудегі ереуіл кезінде адам қаза тапты

  • 141
  • UPD: 13:05, 04.12.2020
Перудегі ереуіл кезінде адам қаза тапты

Перуде осыдан 4 күн бұрын ауыл шаруашылық саласының қызметкерлері бастаған ереуіл аяқталар емес.

Жиналған жұрт биліктен еңбекақының көтерілуін талап етеді. Ереуілге шыққандар мен тәртіп сақшыларының арасында қақтығыс болып, салдарынан бір тұрғын мерт болды. Тағы екі полиция қызметкері жарақат алған. Ашуға бой алдырғандар бірнеше жолды бұғаттап аймаққа азық-түліктің жеткізілуіне кедергі келтірген. Салдарынан Перу мен Лима шекарасында жеміс-жидек тиелген жүздеген жүк көлігі діттеген жеріне жете алмай тұр.

Хабар 24 телеарнасы