420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Калифорнияда орман өрті ырық бермей тұр

  • 94
  • UPD: 14:13, 04.12.2020
Оңтүстік Калифорнияда орман өрті ырық бермей тұр

Тілсіз жаудан екі өрт сөндіруші жарақат алды.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, апат жақын маңдағы елді мекендерге дейін жеткен.

Салдарынан бірнеше отбасы баспанасынан айырылды. Жергілікті билік мыңға жуық адамды эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Өңірдегі 50 мың тұрғын үй жарықсыз қалды. Орман өртін ауыздықтау үшін шамамен 500-ге жуық маман мен ондаған тікұшақ жұмылдырылды. Мамандар аймақта тұрған қатты жел жалынды ауыздықтауға кедергі екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы