417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем экономикасына қатысты болжам жақсарды

  • 172
  • UPD: 15:29, 04.12.2020
Әлем экономикасына қатысты болжам жақсарды

Коронавирусқа қарсы вакцинаның пайда болуы әлем экономикасы бойынша болжамдарға да жақсы әсер еткен.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы дүние жүзінде ішкі жалпы өнімінің төмендеуін азайтты. Оның деңгейі жыл соңында 4,2 процент болмақ. Бірақ биыл әлем экономикасы індеттен 7 триллион доллар кірісінен айырылуы мүмкін. Бұл шамамен Германия мен Францияның бір жылдық ішкі жалпы өніміне пара пар.

Мамандардың айтуынша, әсіресе Аргентина мен Батыс Еуропа елдерінің экономикасының қалпына келуі қиынға соғады. Ал Қытай, Оңтүстік Корея және Скандинавия елдері тез даму жолына түсуі мүмкін. Қалпына келу кезінде көптеген кәсіпорын мен мемлекеттер қарыз мәселесін бастан кешеді. Осыған байланысты шағын бизнесті қолдау маңызды дейді сарапшылар. Жастар арасындағы жұмыссыздыққа көп көңіл бөлуге де шақырды.

Анхель Гурриа, Экономикалық ынтымақстық және даму ұйымы бас хатшысы:

- Біз коронавирусты жеңсек ғана әлем экономикасын тездетіп қалпына келтіріп, халықты әлеуметтік тұрақсыздықтан сақтай аламыз. Әр елдің үкімет індеттің кәсіпорындарға кері әсерімен күресті жалғастыра беруі тиіс. Мемлекеттік қолдау вакцина шығарылғаннан кейін де жүргізіле беруі қажет.

Хабар 24 телеарнасы