419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанда коронавируске шалдыққан науқастардың саны артып барады

  • 112
  • UPD: 15:52, 04.12.2020
Қырғызстанда коронавируске шалдыққан науқастардың саны артып барады

Қырғызстанда коронавируске шалдыққан науқастардың саны күн өткен сайын артып барады.

Ақпарат көздерінің  хабарлауынша, елде соңғы бір тәулікте 440 адам індеттің ілмегіне іліккен. Тағы 4 адам аурудың құрбаны болды. Жергілікті билік коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр. Соңғы рет елде карантиннің қатаң шектеу шаралары мен коменданттық сағат наурыз айында жарияланған болатын. Қазір аймақта қосымша медицина орталықтары қайта ашылуда.  Жалпы пандемия басталғалы елде 74 мыңнан астам адам инфекция жұқтырған. Оның 1200-ден астамы осы дерттен көз жұмды. Бүгінде ауруханаларда 2 мың 600-ден астам науқас ем қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы