420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ішкі Моңғолия өңірінде коронавирустың жаңа ошақтары анықталды

  • 100
  • UPD: 15:58, 04.12.2020
Ішкі Моңғолия өңірінде коронавирустың жаңа ошақтары анықталды

Коронавирус індетімен күресте жақсы нәтижеге жеткен Қытайда коронавирусты жұқтыру деректері қайта тіркеліп жүр. 

Соңғы кезде аурудың жаңа ошақтары Ішкі Моңғолия өңірінде анықталды. Осыған байланысты Маньчжоули қаласында тұрғындардың жаппай тестілеуі басталды. Тексеруден 200 мыңдай адам өтуі тиіс. Қысқы маусымда індеттің екінші толқынына жол бермес үшін денсаулық сақтау министрлігі жергілікті билікке нұсқау берді. Вирусты жұқтыру қаупі бар адамдарды үнемі тестілеп, оқу орындары мен базарларда санитарлық шаралар өткізуді тапсырды.

У Лянъю, ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша департамент директорының орынбасары:

- Мамандармен және қажетті құрал-жабдықпен қамтып, жергілікті билікке төтенше жағдайға дайындалуға көмектесеміз. Індет ошағы анықталғанда шұғыл қимыл қабылдап, қысқа мерзімде жағдайды бақылауға алу керек.

Хабар 24 телеарнасы