420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19-ды жойып жіберетін қағаз ойлап табылды

  • 143
  • UPD: 16:56, 04.12.2020
COVID-19-ды жойып жіберетін қағаз ойлап табылды

Чех ғалымдары COVID-19-ды бір сағаттың ішінде жойып жіберетін арнайы қағаз ойлап тапты, деп жазды Gazeta.ru.

Чехия Ғылым академиясының өкілі Иржи Собектің айтуынша, қағазға химиялық заттар сіңген, соның арқасында оның бетіндегі микробтардың 99%-і бір минут ішінде жойылады, ал коронавирус қырық минут ішінде толығымен жойылады.

«Өткізілген сынақтар 10 минут ішінде COVID-19 типті вирус 70% жойылатынын, ал 30 минут ішінде оның толық жойылатынын көрсетті», - деді Собек.

Қағаздың жаңа түрі ақша мен құжат жасауда кеңінен қолданылатын болады. Жақын арада Чехия осындай қағаздың 10 тоннасын шығармақ.

Хабар 24 телеарнасы