433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде әйел адам құрбысының бір жасар баласын 13-қабаттан лақтырып жіберген

  • 174
  • UPD: 17:41, 04.12.2020
Мәскеуде әйел адам құрбысының бір жасар баласын 13-қабаттан лақтырып жіберген wikimapia.org

Бүгін, 4 желтоқсан күні, әйел адам құрбысының сәбиін Жаңа Мәскеудегі (Мәскеу облысының бұрынғы аумағы) тұрғын үйлердің бірінің 13-қабатынан лақтырып жіберген.

Бұл туралы eadaily.com хабарлайды.

Оқиға Летчик Ульянин көшесінде болған, бір жасар бүлдіршін көз жұмған.

«Пәтерде баланың анасы мен оның құрбысы болған, алдын ала болжам бойынша, құрбысы сәбиді терезеден лақтырып жіберген», – делінген тергеушілер таратқан мәліметте.

Әйел адамның мұндай әрекетке неліктен барғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы