«Cпутник V» препаратының үлгісі көрші мемлекетке сынақтан өту үшін әкелініп отыр.
Өзбектер осы айда бұл вакцинаның сапасын тексереді. «Ал клиникалық сынақтар келер жылдың басында басталуы мүмкін», – дейді республикалық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері. Айта кетерлігі, осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі Ресейден «Спутник V» препаратының 5 мың дозасын сұраған еді. Ал оған дейін өзбекстандықтарға Қытай вакцинасын салмақ. Егу жұмыстары алдағы аптаның соңына жоспарланып отыр
Батыржан Құрбанов, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік және қоғамдық денсаулық қызметі директорының орынбасары:
– Ең әуелі ресейлік вакцинаның сапасын тексереміз. Осыдан кейін ғана бұл препаратқа сертификат беріледі. Ол үшін шамамен 10-15 күн қажет. Бұдан соң клиникалық сынақтарды бастауымыз мүмкін. Алайда оған қанша ерікті қатысатыны әзірге белгісіз.