476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Индонезияда нөсер соңы алапат тасқынға ұласып, екі адам көз жұмды

  • 324
  • UPD: 08:58, 05.12.2020
Индонезияда нөсер соңы алапат тасқынға ұласып, екі адам көз жұмды фото: segodnya.ua

Индонезияның солтүстігінде нөсер соңы алапат тасқынға ұласып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел билігінің мәлімдеуінше, тағы 6 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Арасында бір сәби бар. Толассыз жауған жаңбырдан Медан қаласындағы 4 өзен арнасынан тасыды. Кей жерде су деңгейі 5 метрге дейін көтерілген. Тасқын 2700-ден астам үйді шайып, 3 миллиондай кісі зардап шекті. Шаһарда электр желілері үзіліп, ауыз су құбырлары істен шыққан.

Нурайна Луби, жергілікті тұрғын:

-Азық-түліксіз қалдық. Әсіресе, бізге күріш керек. Қосымша киім-кешек те қажет. Біздікінің бәрі су болды.

Хабар 24 телеарнасы