476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҰҰ: Әлем гуманитарлық апат алдында тұр

  • 396
  • UPD: 12:23, 05.12.2020

2021 жылы коронавирус пандемиясының салдары гуманитарлық апатқа әкелуі мүмкін.

Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы Дэвид Бизли мәлімдеді. Оның айтуынша, Ұйым құрылғалы 75 жыл ішінде дәл қазіргідей дағдарыс болмаған, ал соңғы төрт жылда әлемдегі қарулы қақтығыстар салдарынан аш құрсақ адам саны 80 миллионнан 135 миллионға дейін өскен. Ал пандемия бұл көрсеткішті бір жыл ішінде екі есеге көбейтіп жіберді. Тағы 270 миллионға жуық адам аштық алдында тұр.

«Гуманитарлық апаттың алдын алуға қаржылық қиындықтар кедергі келтіреді: әлемдік қауымдастық індетпен күреске 19 триллион доллар жұмсаған, келер жылы осыншама қаражат жинау мүмкіндігі болмауы ықтимал», - деп ескертеді Біріккен ұлттар ұйымы.

Хабар 24 телеарнасы