Бразилияның оңтүстік-шығысында жолаушылар автобусы жантүршігерлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысудан қашқан автобус жүргізушісі басқаруды жоғалтып, салдарынан автобус биіктігі 15 метрлік көпірден құлап кеткен. Апаттан кем дегенде 14 адам қаза тауып, 30-ға жуығы жараланды. Қайғылы оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жол апатын тергеу жұмыстары жалғасуда.