430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ Ұлыбританиямен Brexit бойынша сауда келісімін орнатуға ниетті

  • 148
  • UPD: 14:27, 05.12.2020
Еуроодақ Ұлыбританиямен Brexit бойынша сауда келісімін орнатуға ниетті

Еуроодақ елдері әлі де Ұлыбританиямен сауда келісімі туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда тараптар арасында қол жеткізілуі мүмкін қандай да бір уағдаластықты одаққа мүше елдердің бәрі мақұлдауы керек. Бұл туралы Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында Еуропалық кеңестің төрағасы Шарль Мишель мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы бірнеше күнде ұзаққа созылған келіссөздер өз нәтижесін беруі тиіс. Себебі 10-11 желтоқсанда Еуроодаққа мүше 27 елдің көшбасшылары Брюссельде өтетін саммитте осы мәселені талқыға салады.

Айта кетейік, аталған келіссөздерге қолжетімділікті келісу, балық аулау құқықтарын бөлу, дауларды реттеу мен екі тарап үшін де бизнестегі әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету мәселелері кедергі болып отыр.

Шарль Мишель, Еуропалық кеңестің төрағасы:

- ЕО елдері шешім қабылдауы керек. Британдық тарап та сауда келісіміне қатысты өз шешімін айтуы қажет. Жалпы біз барлық жағдайға дайынбыз. Келісім орнаған жағдайда оның шарттары екі жаққа да бірдей болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы