429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таиландта бес мың жыл бұрын мекендеген киттің қаңқасы табылды

  • 190
  • UPD: 17:48, 05.12.2020
Таиландта бес мың жыл бұрын мекендеген киттің қаңқасы табылды

Таиландта шамамен 5 мың жыл бұрын тіршілік еткен киттің қаңқасы табылды.

Ерекше олжа 50 ғасыр бойы ел астанасы Бангкоктың батыс жағында жатыпты. Қаңқаның ұзындығы 12 жарым метрден асады. Негізі бұл китті археологтар емес, жолай өтіп бара жатқан қарапайым тұрғын тауып алған. Ол жердің астынан шығып жатқан үлкен омыртқаны байқаған. Қаңқаны аршып алу жұмысы бір айдай жүрді. Жалпы 36 сүйек табылған. Зерттеу ісі аяқталған соң кит көрмеге қойылады.

Паннипа Саетиен, геолог:

- Киттің құйрық жақ бөлігі қатты зақымданған екен. Әзірге мұндай киттің қаңқасын Азияда кездестірген емеспіз. Жалпы қаңқаның 90 процентін қалпына келтіре аламыз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы