424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ливанда бұршақ жауды

  • 269
Ливанда бұршақ жауды

Қырық құбылған күн райы Ливан тұрғындарын таңғалдырды.

Елдің бірқатар қаласында алдымен нөсер жауып, кейін оның соңы бұршаққа ұласқан.

Сөйтіп қала көшелері ақ жамылды. Ал толассыз жауған жаңбырдан Бейруттің кей аудандарында су тасқыны болған.

 

Қытайда алғашқы қар жауды

Өз кезегінде Қытайдың оңтүстік провинцияларының тұрғындары алғашқы қарды қарсы алды. Бір айта кетерлігі, қысқы маусым мұнда шынымен әдемі басталды. Аяз неше түрлі өрнектер салып, туристерді тәнті қылды.  «Қар жамылған ағаштар мен беткейлерді көргенде өзімізді ертегі әлеміне енгендей сезіндік», – дейді жиһанкездер.

Хабар 24 телеарнасы