419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде пиротехника сақталған базардан өрт шықты

  • 161
  • UPD: 16:27, 06.12.2020
Ресейде пиротехника сақталған базардан өрт шықты фото: eadaily.com

Ростов-на-Дону қаласында орналасқан базарда пиротехника сақталған павильон өртенді.

Малое Зеленое Кольцо көшесіндегі «Классик» базарында өрт шыққаны туралы таңғы сағат 6:30-да белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша төрт мың шаршы метр жер өртенген.

РФ ТЖМ хабарлауынша, екі қабатты павильонның аумағы 3,2 мың шаршы метр.

Оқиға орнынан түсірілген видеодан петарда мен отшашудың жарылып жатқанын көруге болады.

Өрт қиындығы жағынан төртінші нөмір деп бағаланды. Оны 200-ге жуық адам 66 техниканың көмегімен сөндіріп жатыр. Новочеркасск, Аксай және Ростов өрт-құтқару гарнизондарының және мамандандырылған өрт-құтқару бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы