430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Румыниядағы сайлауда оппозиция жеңіске жетуі мүмкін

  • 269
  • UPD: 10:42, 07.12.2020
Румыниядағы сайлауда оппозиция жеңіске жетуі мүмкін

Румыниядағы парламенттік сайлауда оппозиция жеңіске жетуі мүмкін.

Экзит-полдың қорытындысы бойынша Социал-демократиялық партия билік басындағы Ұлттық-либерал партиядан 0,7 процент айырмашылығымен алда тұр. Бірақ қазіргі премьер-министр Людвиг Орбан оның партиясы басым түсті деп есептейді. Оның мәлімдеуінше, экзит-полдар шетелдегі азаматтардың дауысын есептемейді. Сырт елдерде 4 млн румындықтың 270 мыңы дауыс берген. Сондықтан Үкімет басшысы түпкілікті ресми нәтижені күту ұажеттігін ескертуде. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Румыниядағы парламент сайлауына қатысу деңгейі 32 процентті құрады. Бұл соңғы 30 жылдағы ең төмен көрсеткіш. Дауыс берушілердің келуіне коронавирус індеті әсер еткен болуы керек.

Марсель Чолаку, социал-демократиялық партияның басшысы:

- Дауыс беруге келген румындықтар қазіргі үкіметтен құтылу қажет екенін түсінді. Біздің партиямыз көш бастап тұр. Шетелдегі отандастарымыздың дауысын есептегеннен кейін де біздің жеңісімізді ешкім тартып ала алмайды.

Хабар 24 телеарнасы