427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда 300-ден астам адам белгісіз аурумен ауруханаға түсті

  • 217
  • UPD: 10:59, 07.12.2020
Үндістанда 300-ден астам адам белгісіз аурумен ауруханаға түсті

Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы Элуру қаласының бір тұрғыны белгісіз аурудан қайтыс болды.

Тағы 315 азамат аурудың ұқсас белгілерімен ауруханаға түсті. Бұл туралы The Hindu газеті хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастарда бас ауруы, бас айналу, естен тану және эпилепсия белгілері бар. Тұрғындар аталған белгілермен 5 желтоқсаннан бастап ауруханаларға түскен, ал 6 желтоқсан түнде олардың саны 315-ке жетті, олардың 70-і әйелдер мен 46-сы балалар.

Пациенттердің көпшілігінің жағдайы тұрақты. Сонымен қатар пациенттерден алынған коронавирус тесті теріс нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта жергілікті денсаулық сақтау органдарының өкілдері аурудың қоздырғышы анықталмағанын айтты. Науқастардың су, тамақ және қан сынамалары зерттеуге жіберілді. Сонымен бірге, ведомство мұндай жаппай ауыру ауаның ластануымен немесе сапасыз өнімді тұтынумен байланысты болуы мүмкін екенін айтуда.

Хабар 24 телеарнасы