419,48 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ Қытайға қарсы санкциялар енгізеді

  • 165
  • UPD: 15:34, 07.12.2020
АҚШ Қытайға қарсы санкциялар енгізеді

АҚШ билігі Қытайға қарсы жаңа санкциялар енгізеді.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, қара тізімге 14 лауазымды тұлға қосылған. Арасында Қытай мен Гонконг парламентінің және Коммунистік партияның мүшелері бар. Осы санкциялардың аясында олардың активтері бұғатталмақ. Қаржылық жазалау шараларын қабылдауға өткен айда Гонконг парламентінен оппозициялық 4 депутаттың қуылуы себеп болған. Ресми Бейжіңнің қырына іліккен  саясаткерлер - Гонконгтағы демократиялық қозғалыстың жақтаушылары.

Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп әкімшілігі өткен айда ғана Қытай компанияларына берілетін американдық инвестицияға тыйым салған болатын. Ақ үйдің пікірі бойынша, көмек қаржыны Қытайдың қарулы күштеріне жұмыс істейтін компаниялар алады.

Хабар 24 телеарнасы