427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда белгісіз ауру неден тараған

  • 211
  • UPD: 16:18, 07.12.2020
Үндістанда белгісіз ауру неден тараған

Үндістанда белгісіз ауру масадан қорғайтын улы хлорорганикалық қосылыстардың салдарынан тараған болуы мүмкін, деп жазды Times of India.

Әзірге сарапшылар аурудың себептері туралы тек өз ойларын айтуда. Бірақ зерттеулер туралы ресми мәліметтер мен ақпараттар әлі жарияланған жоқ. Сонымен қатар белгісіз аурумен ауруханаға түскен пациенттерден алынған коронавирус тесттері теріс нәтиже көрсеткен.

Аурудың себебін анықтау үшін қалаға Ұлттық тамақтану институтының, Химиялық технология институтының және Үндістан медициналық ғылымдар институтының дәрігерлері жіберілді.

Басылымның мәліметінше, науқастардың көп бөлігі 20 мен 30 жас аралығында, бірақ кем дегенде 12 жасқа дейінгі 45 бала да ауруды жұқтырған. Шамамен 160 адам емделуде, 200-ге жуығы ауруханадан шығарылды.

Үндістанда 300-ден астам адам белгісіз аурумен ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы