425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Италияда қалың қар жауып, электр бағандары құлады

  • 206
  • UPD: 17:07, 07.12.2020
Италияда қалың қар жауып, электр бағандары құлады

Италияның солтүстік аймақтарында қалың қардың салдарынан ағаштар мен электр бағандары құлады.

Жеті мыңға жуық үй жарықсыз қалды, деп хабарлады Euronews.

Оңтүстік Тироль мен Австрия арасындағы тасжол жабылды.

Боран Хорватияның Адриатика жағалауына да үлкен зиян келтірді. 130 км/сағ жылдамдықтағы жел Далмацияның орталық бөлігіндегі Сплит және Шибеник қалаларына соғып, Хорватия аралдарына баратын паромдардың қозғалысын тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы