430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияда локдаун 7 қаңтарға дейін ұзартылды

  • 160
  • UPD: 09:38, 08.12.2020

Грекияда локдаун келесі жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол уақытқа дейін мектептер, тамақтану орындары, ойын-сауық мекемелері, сот және тау-шаңғы орталықтары жабық болады. Түнде коменданттық сағат күшін жоймайды. Бұрынғысынша өңірлер арасында қатынауға болмайды. Ал, шіркеулер, сән салондары мен дүкендер ашыла ма, жоқ па – билік осы аптада бұл мәселеге қатысты шешім қабылдауы тиіс. Десе де, рождестволық тауарлар сататын сауда нүктелеріне жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Гиоргос Кронакис, дүкен иесі:

- Біздің дүкен бір ай жабық тұрды. Енді ғана ашылдық. Шығындарымыздың бір бөлігін өтесек жақсы болар еді. Биыл бәріміз үшін қиын жыл болды.

Ал, Австрияда керісінше, үш апталық локдаун жеңілдетіле бастады. Сөйтіп, мұражайлар, кітпаханалар мен сән салондарына жұмыс істеуге рұсқат берілді. Сондай-ақ дүкендер қайта ашылып, олардың алдында кезек пайда болды. Енді күндіз еш кедергісіз ары-бері қатынауға рұқсат. Дегенмен, кешкі сегізден кейінгі коменданттық сағат сақталады. Ал, мейрамханалар мен қонақүйлер келесі жылдың 6 қаңтарына дейін ашылмайтын болды.

Хабар 24 телеарнасы