425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістан жасөпірімдері жасы кіші балаларға сабақ оқуға көмектесе бастады

  • 163
  • UPD: 09:41, 08.12.2020

Үндістан оқушыларының біразында үйлерінде компьютер мен интернет жоқ. Сондықтан қашықтан білім алу мүмкіндігі болмайды.

Білім беруге көмекке 50 мыңдай адам жұмылып, нәтижесінде жүздеген мың оқушының оқу үлгерімі жақсарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқушылардың бір-біріне жәрдемі Телангана штатында пайда болды. Бұл – алғашқылардың бірі болып карантинге жабылған елдегі өңірлердің бірі. Осының салдарынан жүздеген мың бала мектепке бармайтын болды. Жергілікті білім беру басқармасының қолдауымен сабақ беруге дайын еріктілер тобы құрылды. Алғашында 2 мыңдай жасөпірімді біріктірген бұл ұйым мүшелерінің саны бір айда 50 мыңға дейін көбейді.

Сандеш Рай, мұғалім:

- Қашықтан оқу үшін компьютер немесе өзге құрылғы қажет. Ал кедей аудандарда жұрт дәптер мен оқулықтарға әрең ақша тауып жүр. Сондықтан карантин кезінде көптеген бала мүлдем оқудан қалды. Жоғары сынып оқушыларының көмегі арқасында енді олар сауатсыз қалмайтын болды. Осы сабақтарға баратын оқушылар сақтық шаралардың барлығын сақтап жүр.

Еріктілер сабақты үй мен шіркеу секілді кез келген қолайлы жерде өткізеді. Тіпті егінде жұмыс істеп жүрген балаларды жұмысындағы үзілісі кезінде оқытады. Сабақты 15 балаға дейінгі топтарға өткізеді. Әр сабағы екі сағат өтеді, осы уақытты барынша тиімді жұмсауға тырысады. Оқушылар түрлі викторина мен жарыстар ұйымдастырып, эссе жазады.

Гурприт Пуджари, ерікті:

- Еріктілер ұстаздармен бірлесіп жұмыс істейді. Мұғалімдер сабаққа қатыспағанымен, оны өткізу бағдарламасын әзірлеп, кеңес береді. Бұл бізге үлкен көмек, өйткені алғашында балаларға сабақты қалай түсіндіру керектігін білмедік.

Қазір еріктілер Үндістандағы 10 мыңнан аса мектепті өз қамқорына алды. Кейбір штаттарда үздіктеріне тіпті үлкен ақшалай сыйлықтар табысталды. Қаңтар айыннан бастап жасөспірімдер оқушыларды спорт бағытында да жетілдірмек. Аэробика, йога, жекпе-жек пен гимнастикамен айналысатын топтар құрылып жатыр.

Авторлары: Алексей Родионов, Устад Рахман

Хабар 24 телеарнасы