427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде алаяқтар жұртты алдаудың жаңа тәсілдерін тапты

  • 159
  • UPD: 09:46, 08.12.2020

Израильде «Моссад» деп аталатын сыртқы барлау қызметінің атауымен бүркеніп, ондаған адамның қаражатын жымқырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алаяқтардың қармағына негізінен орыс тілді ел азаматтары түсіп қалды.

Мамандығы инженер Игорьдің Израильге көшкеніне бес жыл өтті. Елге тез сіңісіп, жақсы жұмыс тауып, бірталай қаражат жинап алған. Алайда алаяқтардың кесірінен бар тергенінен айырылып қалды. Өзін несие компаниясы қауіпсіздік қызметінің маманы деп таныстырған әлдебіреу оған телефон соғып, қызметкерлердің бірі оның банк карталарын қолданып жүргенін айтады. 

«Моссад» атауын естіп, бірден күдіктену керек еді. Өйткені сыртқы барлау қызметі алаяқтармен айналыспайды. Алайда Игорь керісінше осы атқа сеніп қалды. Ұры-алаяқтар алғашында есепшотына тиіспепті.

Игорь Подольский, жәбірленуші:

- Кейін олар тағы бір рет маған хабарласты. Сонда шотымнан ақша жоғалмағанын айттым. Әрине, кетпейді, өйткені біз бәрін қадағалап отырмыз деп жауап берді.

Қылмыскерлер «бұл өте құпия іс» деп, ешкімге тіс жармауын сұрайды. Әйтпесе, тергеуге кедергі келтіреді деген.

Игорь Подольский, жәбірленуші:

- Бір күні ол «Артур саған жеке мәлімет жіберді ме?» деп сұрақ қойды. Мен мәліметтер сәйкес келмейді, сондықтан рапорт жазамын дегенмін. Ал ол бұл іске Артурдың да қатысы бар, тергеушілер оны жауапқа тартқанын айтты.

Ақыры Игорьдің өзі алаяқтарға карталардың мәліметі мен құпия сөзін ашып берді. Олар 10 мың доллар жымқырды. Бұл ақша Мәскеудегі банктердің біріне аударылған. Бұл соңғы кезде қаржы жымқырудың кең тараған түрі болып шықты. Ондаған, бәлкім жүздеген адам осы қармаққа ілінді. Олардың барлығы орыс тілді азаматтар. Полиция қылмыстық іс қозғап, Израильдің дерек қорларына қылмыскерлер қолына қалай түскенін анықтап жатыр.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы