417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда билік ауылдар мен шағын қалалардағы халық санының азаюымен күресуде

  • 176
  • UPD: 10:12, 08.12.2020
Италияда билік ауылдар мен шағын қалалардағы халық санының азаюымен күресуде

Италияның тарихи өңірінде құны бір еуро тұратын үйлер сатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Кастропиньяно ауылында орналасқан. Мұнда қараусыз қалған 150 шақты ғимарат бар көрінеді. Солардың бірін сатып алу үшін 1 еуро төлеп, ауыл басшысымен әңгімелесуден өту керек. Негізі 100 жыл бұрын мұнда 2500 адам тұрыпты. Қазір халық саны 900-ге жуықтайды. Жартысынан астамы жасы 70-тен асқан қарттар. Ауылда мейрамхана, бар, дәріхана мен бірнеше қонақүй ғана бар екен. Соған қарамастан, баспана сатып алуға ниет білдіріп жатқандар көп. Олар 3 жыл ішінде қараусыз қалған үйді жөндеп шығу керек. Алдын ала есептеулер бойынша оған 30-40 мың еуро кететін түрі бар.

Жалпы, «Бір еуро тұратын баспана» бастамасы Италияның өзге өңірлерінде де қолға алынған. Билік, осылайша, ауылдар мен шағын қалалардағы халық санының азаюымен күресіп, тарихи орталықтардағы жартылай қирап қалған ғимараттарды қалпына келтіруді көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы