427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда Boeing 737 MAX ұшақтары қайта ұшырыла бастайды

  • 190
  • UPD: 09:56, 08.12.2020
Бразилияда Boeing 737 MAX ұшақтары қайта ұшырыла бастайды

Бразилиялық GOL әуекомпаниясы әлемде бірінші болып Boeing 737 MAX-8 ұшағының рейстерін қайта жандандырады.

Бұл туралы компания өзінің сайтында хабарлады.

«Бразилиядағы ең ірі әуекомпаниясы 9 желтоқсаннан бастап коммерциялық мақсаттағы тасымалдар үшін MAX-8-ді қолдана бастайды», - делінген хабарламада.

GOL өкілдері жылдың соңына дейін әуекомпаниясының паркіндегі осы үлгідегі барлық жеті лайнерді пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айтты.

Осы үлгідегі ұшақтармен рейстерді қалпына келтірмес бұрын компания ұшақ өндірушісімен бірге Ұлттық авиация агенттігінің және АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігінің барлық талаптары бойынша 140 ұшқышты қайта оқытқан.

Еске салсақ, 737 MAX ұшағын құрастыру және оны пайдалану екі ірі әуе апатынан кейін тоқтатылды. 2019 жылы 10 наурызда Эфиопияда Boeing 737 MAX ұшағы апатқа ұшырап, 157 адам қаза тапты. Ал өткен жылдың 29 қазанында Индонезияда Lion компаниясының осындай модельдегі ұшағының апатқа ұшырауынан 189 адам қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы