430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Румыния премьер-министрі отставкаға кетпек

  • 266
  • UPD: 11:45, 08.12.2020
Румыния премьер-министрі отставкаға кетпек Noi.md

Румыния премьер-министрі Людовик Орбан өз партиясы парламенттік сайлауда жеңіліс тапқан соң отставкаға кететінін мәлімдеді, деп жазады EADaily.

Бұл туралы Орбан телевидение арқылы жасаған мәлімдемесінде айтты.

«Бүгін отставкаға кету туралы шешім қабылдадым», – деді ол.

Румынияда парламенттік сайлау 6 желтоқсан күні өтті. Экзитпол мәліметінше, Әлеуметтік-демократиялық партия көш бастап тұр. Ал Орбан басқаратын Ұлттық-либералдық партия екінші орынға тұрақтады.

Людовик Орбан Румыния премьер-министрі қызметін 2019 жылдың 4 қарашасынан бері атқарып келеді.

Хабар 24 телеарнасы