АҚШ-тың Калифорния штатында да орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қауіпті аумақта ондаған мың отбасы тұрады. Билік аймақтың оңтүстігіндегі Вентура округінің 30 мыңнан астам тұрғынына шұғыл көшу туралы ескерту берді. Тілсіз жаумен күресуге 150-ге жуық өрт сөндіруші тартылған. Алдын ала ақпарат бойынша өрт электр желісіне құлап, жанған ағаштан басталған.