429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда белгісіз ауру әлі таралып жатыр

  • 215
  • UPD: 15:47, 08.12.2020
Үндістанда белгісіз ауру әлі таралып жатыр

Үндістанның Андхра-Прадеш штатында 455 адам белгісіз ауруға шалдығып, ауруханаға жатқызылды.

Аурудан бір адам қайтыс болды, деп хабарлады Тhe Guardian.

Элуре қаласында жүздеген адам есінен танып, ұстамалары ұстап, жүректері айныған. Сонымен қатар осындай белгілермен ауруханаға түскен 45 жастағы ер адамның жүрегі ұстап, қайтыс болды.

Штатқа тергеу жүргізу үшін Үндістан медициналық ғылымдар институтының мамандары барды.

Бұған дейін Үндістанда 300-ден астам адам белгісіз аурумен ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы