429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда белгісіз аурудың мүмкін себебі жария етілді

  • 161
  • UPD: 09:35, 09.12.2020
Үндістанда белгісіз аурудың мүмкін себебі жария етілді

Үндістанда белгісіз аурудың өршуіне жәндіктерді улауға арналған пестицидтер себеп болуы мүмкін.

Жергілікті билік осылай деп отыр. Өйткені өзін нашар сезінгендердің барлығы  жақында масаларды улаған өңір тұрғындары болып шықты. Айта кеткен жөн, бірер күн бұрын Андхра-Прадеш штатында белгісіз аурудың тарағаны жайлы хабарланды. Салдарынан 1 адам көз жұмып, 800-ден астамы өзін нашар сезінген. Науқастарда бас ауыру, есінен тану және дірілдеу секілді белгілер байқалған. Алғашында белгісіз індет коронавируспен байланысты болуы мүмкін деген болжамдар айтылды. Алайда науқастардың коронавирусқа тапсырған тестері теріс нәтиже көрсеткен.           

Хабар 24 телеарнасы