433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Қорғаныс министрі болып афроамерикалық азамат тағайындалуы мүмкін

  • 176
  • UPD: 09:36, 09.12.2020
АҚШ-та Қорғаныс министрі болып афроамерикалық азамат тағайындалуы мүмкін

АҚШ-та тұңғыш рет афроамерикалық нәсілді азамат Қорғаныс министрі болуы мүмкін.

Елдің жаңа сайланған президенті Джо Байден бұл лауазымға отставкадағы генерал Ллойд Остинді ұсынуы ықтимал. Бұл туралы  жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Ал Байденнің өзі журналистерге берген сұхбатында жаңа министрдің атын желтоқсанның 11-і күні жариялайтынын айтты. Қорғаныс министрімен бірге осы аптада жаңа Әділет министрі мен Прокурордың аты да аталмақ. Айта кетейік, Ллойд Остин Ирактағы америкалық күштерді басқарып, 2013-2016 жылдары АҚШ Қарулы күштерінің орталық қолбасшылығына жетекшілік еткен.

Хабар 24 телеарнасы