429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбритания премьер-министрі мен Еурокомиссия басшысы кездесті

  • 142
Ұлыбритания премьер-министрі мен Еурокомиссия басшысы кездесті

Бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мен Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Брюссельде кездесу өткізеді.

Бұл тараптардың Brexit бойынша сауда келісімін орнатудағы соңғы әрекеті болмақ.                                                                                                                                       

Жалпы аталған кездесу қарсаңында екі жақтың келіссөз жүргізушілері ортақ мәмілеге келу ісінде біршама алға жылжығандай болды. Яғни тараптар Солтүстік Ирландия мен Ирландия Республикасы арасында құрлықпен жеткізілетін жүктерді тексеру туралы келісімге келді. Оған сай енді Ұлыбританияға Солтүстік Ирландия хаттамасына қандай да бір өзгерту енгізудің қажеті жоқ. Яғни осы құжаттың арқасында Біріккен Корольдік Еуропалық Одақтан біржола шығып кеткеннен кейін де Ирланд провинциясы кедендік одақ пен Еуропалық Одақтың бірыңғай нарығында қала береді.

Марош Шевчович, Еурокомиссияның вице-президенті:

– Мақсатымыз: Белфаст келісімін қорғап, Ирландия аралындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау. Сонымен қатар Еуроодақтың бірыңғай нарығының тұтастығын да бұзбауға күш салуымыз керек.

Майкл Гоув, Ұлыбритания министрлер кабинеті хатшылығының басшысы:

– Премьер-Министр Борис Джонсон Брюссельге барғалы жатыр.  Еуроодақ тарапы алға қадам жасайды деп сенеміз. Біз одақтан шығарда өз шекарамызды, салығымызды сақтап қалу үшін дауыс бердік. Сондықтан Еуроодақ егемендігіміздің осы принциптерін бұзбауын қамтамасыз етуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы