419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Forbes: Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орында

  • 247
  • UPD: 16:40, 09.12.2020
Forbes: Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орында

Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск Forbes бойынша әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде екінші орында тұр.

Масктың байлығы 144,7 млрд долларды құрайды. Осылайша, ол француздық LVMH компаниялар тобының бас директоры, 144,3 млрд долларға ие Бернард Арнодан асып түсті.

Рейтингте Amazon-ның бас директоры Джефф Безос 185,4 миллиард доллармен әлі де көш бастап тұр. Ал төртінші орынды Microsoft негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс алды (118,8 млрд доллар). 

Ең бай адамдар бестігін Facebook компаниясының басшысы Марк Цукерберг қорытындылайды, оның байлығы – 104 млрд доллар.

Хабар 24 телеарнасы