426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баку тұрғындары енді көшеге SMS-рұқсат арқылы шыға алады.

  • 177
  • UPD: 19:00, 09.12.2020

Әзербайжан астанасының тұрғындары енді көшеге SMS -рұқсат арқылы шыға алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қатарда елдің тағы 4 қаласы мен 11 ауданы бар. Шектеу 14 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Қаңтардың 18-іне дейін жалғасады деген жоспар бар. Қазір Бакуге кіру шектеліп, карантин шаралары күшейтілді.

Хикмет Гаджиев, Президент көмекшісі:

- Вакцина дайын болмай, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға мәжбүрміз. Бұл қазір дертке қарсы жалғыз тиімді шара. Дертке шалдыққан тұрғындар емдеу кезінде үйінен шықпауы тиіс. Жыл басынан осы тәртіпті бұзғандарға қатысты 266 қылмыстық іс қозғалды.

Ягут Гараева, Оперативтік штаб өкілі:

- Елдегі вирусты жұқтыру дерегінің 52%-і Бакуде тіркеліп отыр. Жаз айларымен салыстырғанда интенсивті терапия қабылдағандардың қарасы 2 есе артты. Осыған байланысты азаматтардан дәрігерлердің кеңесінсіз өз-өзін емдеумен айналыспауын сұраймыз. Өз бетінше ем-дом жасаған науқастар ауруханаға ауыр халде түсіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы