424,63 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда жәрмеңкелердің жартысынан астамы өткізілмейді

  • 296
  • UPD: 10:06, 10.12.2020
Францияда жәрмеңкелердің жартысынан астамы өткізілмейді

Францияда екінші локдаун әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Ауру жұқтыру көрсеткіштері азайса, желтоқсанның ортасында шектеу шараларын алып тастау көзделген еді.

Алайда қазіргі жағдайда бұл мүмкін болмай тұр. Көктемнен салыстырғанда екінші локдаунның экономикаға келтіретін зияны айтарлықтай аз болатыны анық. Дегенмен, ол кейбір салалардың тоқырауына әкелуі мүмкін. Париждегі Ля Дефанс алаңында жыл сайын елдегі ең ірі жәрмеңкелердің бірі өтіп, оған бір миллиондай адам келетін. Соңғы 25 жылда желтоқсан айында бұл алаң алғаш рет қаңырап тұр. Дәстүр бойынша Рождество алдында өтетін жәрмеңкелердің 80 проценті биыл жұмыс істемейтін болды. Кейбір өңірлерде көшеде сауда жасауға тыйым салынды. Бұл киім, ойыншық, ыдыс шығаратын өндірушілер және зергерлер, суретшліер мен өзге қолөнершілердің кәсібіне зор нұқсан келтіретін түрі бар. Қазірдің өзінде олардың тікелей шығыны 250 миллион еуроға бағаланып отыр. 

Жюльен Див, Франция Ұлттық ассамблеясының депутаты:

- Көрме өткізуге, көшеде сауда жасауға, тауда шаңғы тебуге және мерекелік жәрмеңкелер ұйымдастыруға салынған тыйым жағдайды ушықтырып жіберді. Базарлардың ұлттық федерациясы мәліметі бойынша кейбір кәсіпкерлердің негізгі табысы осы желтоқсан айында болатын.

Хабар 24 телеарнасы