423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Албанияда жаппай тәртіпсіздіктер белең алды

  • 224
  • UPD: 11:43, 10.12.2020
Албанияда жаппай тәртіпсіздіктер белең алды

Албания астанасы Тиранада жаппай тәртіпсіздіктер белең алды. Оған карантин талабын бұзған адамның атып өлтірілуі себеп болды.

Осыған байланысты тұрғындар ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етті. Олар ғимарттарға тас лақтырып, рождестволық шыршаны өртеп жіберген. Өз кезегінде ашуға булыққан жұртты тарату үшін тәртіп сақшылары оларға қарсы көз жасаурататын газ қолданған.

Айта кетейік, жуырда 25 жастағы ер азамат коменданттық сағат кезінде полицейдің қолынан қаза тапқан болатын. Құқық қорғаушылардың нұсқасы бойынша марқұм полицейлердің пәрменіне бағынбаған.

Хабар 24 телеарнасы