414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцарияда карантин шаралары күшейтіледі

  • 114
  • UPD: 14:09, 10.12.2020
Швейцарияда карантин шаралары күшейтіледі

Швейцарияда коронавирус жұқтырған науқастардың көбеюіне байланысты карантиндік шаралар күшеймек.

Осы мақсатта ел үкіметі тамақтану орындары мен ойын-сауық мекемелерінің жұмысын шектейтін бірқатар шараны әзірлеп қойған. Оған сай дүкендер, базарлар, мейрамханалар мен кафелер кешкі жетіге дейін ғана жұмыс істей алады. Ал қоғамдық-мәдени іс-шараларды өткізуге мүлдем тыйым салынады. Джонс Хопкинс ұсынған мәлімет бойынша соңғы тәулікте Швейцарияда 5 мыңнан астам адамнан вирус анықталған. Қазір олардың жалпы саны 360 мыңнан асады.

Хабар 24 телеарнасы