423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та пандемия кезінде 100 мыңнан астам мейрамхана жабылып қалды

  • 232
  • UPD: 15:43, 10.12.2020
АҚШ-та пандемия кезінде 100 мыңнан астам мейрамхана жабылып қалды

Індет кесірінен наурыз айынан бері АҚШ-тағы 110 мыңнан астам мейрамхана жабылып қалған.

Егер мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілмесе, алдағы үш аптада тағы 10 мыңнан аса мейрамхана жабылуы мүмкін. Ұлттық мейрамханалар қауымдастығы жүргізген сауалнама осыны көрсетіп отыр. Зерттеу 6 мың мейрамхана иесі арасында жүргізілген. Оған қарағанда вирустан 500 мың мейрамхана қаржылай қиындыққа тап болған. Ал сала жыл соңына дейін 240 миллиард доллардан айырылуы мүмкін. Қауымдастық заңгерлерден мейрамхана мен еңбекақыны қорғау туралы заңды қабылдауын сұрауда.

Айта кетейік, АҚШ-та індеттің қайта күшеюіне қарамастан бірнеше айдан бері кезекті қаржылай қолдау бағдарламасы әлі қабылданбаған.

Хабар 24 телеарнасы