423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцарияның банк құпиясының ашылуы індетпен күреске көмектеседі

  • 236
  • UPD: 15:58, 10.12.2020
Швейцарияның банк құпиясының ашылуы індетпен күреске көмектеседі

Халықаралық деңгейде салық туралы ақпаратпен алмасу пандемияны тоқтатуға көмектеседі. Бұл туралы Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымының Бас хатшысы Ангел Гурриан мәлімдеді.

Осы ұйымдағы сарапшылардың пікірінше, жаһандық деңгейде фискалдық деректермен алмасу, мемлекет бюджетіне түсетін ақша ағымына оң әсер етеді. Мәселен, 2019 жылы мұндай ынтымақтастық, оффшорлық аймақтардағы, 84 миллион шотты тексеріп, 10 триллион еуро көлеміндегі активтерді, көлеңкеден шығаруға көмектескен. Ал қазіргі пандемия жағдайында қосымша қаржы бөліп жатқан әлем елдері үшін бюджет тапшылығы өзекті болып тұр. Осыған байланысты 2009 жылғы дағдарыстан кейін құрылған жаһандық транспаренттілік форумы Швейцарияның банктік құпиясын ашуға қол жеткізді.  Экономистерінің сөзінше, аталған ұйым бұл заңсыз активтерді жасыруды, салықтан жалтаруды қиындатады. 

Виктория Перри, халықаралық валюта қорында департамент директорының орынбасары:

- Қазір салық төлемдері азайып, әлем елдерінің сыртқы қарызы өсіп жатыр. Дей тұрғанмен, дамыған елдердің сыртқы қарызы айтарлықтай көп емес. Сондықтан олар санитарлық шектеулерді қаржыландыруға біршама қауқарлы. Ал дамушы елдерде мұндай мүмкіндік жоқ. Олар қаржыны ұлттық қордан алуға мәжбүр. Олар дағдарыстан шығып, экономиканы қалпына келтірген соң бюджетті қайта реттеулері керек болады.

Хабар 24 телеарнасы