Бали аралы (Индонезия) шетелдік туристер үшін Жаңа жылға дейін немесе қаңтардың басында ашылуы мүмкін, деп жазды The Straits Times.
«Бали жақын арада немесе келесі жылы туристерді қабылдауға дайын. Егер үкімет Рождество дейін туризмге санығна тыйымды алып тастайтыны туралы жарияласа, таң қалмаймын», - деді Дүниежүзілік туристік ұйымның Азия-Тынық мұхиты бөлімінің бастығы Гарри Хван.
Сонымен бірге Хван аралдағы жоғары қауіпсіздік талаптары мен стандарттарын айтып өтті.
Бали пандемиядан қатты зардап шеккен, өйткені ЖІӨ-нің шамамен 60%-ін туризм құрайды. Орта есеппен жылына 10 миллионнан астам шетелдік аралға барып, демалады.