476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Югославияның бұрынғы басшысының кемесі мұражайға айналды

  • 288
  • UPD: 14:27, 11.12.2020
Югославияның бұрынғы басшысының кемесі мұражайға айналды

Югославияның бұрынғы басшысы Иосип Броз Титоның кемесі мұражай мейманханаға айналдырылатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрікті орын Хорватиядағы Риеки қаласында ашылмақ. Қазір шағын кеме жөнделіп, жаңартылып жатыр. Кеме 1938 жылы Италияда банан тасымалдау үшін жасалған. Кейін осы ел мен Германия теңіз қарулы күштері пайдаланған. Титоның өзі онда көп уақытын өткізіп, жоғарғы лауазымды тұлғалар мен шетелдік қонақтарды қарсы алған. Бірақ 1990 жылдары Югославия тараған соң кеме пайдаланылмай қаңтарылып тұрған.

Хабар 24 телеарнасы