419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таиланд туристердің визасыз саяхаттауына қайта рұқсат беруі мүмкін

  • 125
  • UPD: 14:35, 11.12.2020
Таиланд туристердің визасыз саяхаттауына қайта рұқсат беруі мүмкін

Таиландтың Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі үкіметке 66 елден келетін туристер үшін визасыз режимді жақын арада қалпына келтіру туралы ұсыныс жолдады.

Сондай-ақ визасыз саяхаттау мерзімі 30-дан 45 күнге ұзарады, деп хабарлады Bangkok Post Таиланд Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Туризм саласын жандандыру және пандемияға байланысты шектеулерден зардап шеккен экономикалық секторлардың қалпына келуін ынталандыру үшін шетелдік туристердің келуін жеңілдету шаралары қарастырылуда», - делінген.

Хабар 24 телеарнасы