419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Афинада толассыз құйған нөсер соңы құмды дауылға ұласты

  • 145
  • UPD: 15:48, 11.12.2020
Афинада толассыз құйған нөсер соңы құмды дауылға ұласты

Грекия астанасында табиғат тосын мінез танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Афинада толассыз құйған нөсер соңы құмды дауылға ұласқан. Аспан қоңыр-қызғылт түске боялып, балкондар мен шатырларды құм басты. Жергілікті Ұлттық обсерваторияның мәліметі бойынша, құмды дауылды Африканың Сахара жақтан соққан оңтүстік жел алып келген. Ал Афинаның солтүстігінде бұршақ жауды. Синоптиктер қолайсыз күн райы әлі бірнеше күнге созылатынын айтады. Сондықтан билік тұрғындарды барынша сақ болуға шақыруда. Нөсер жаңбырдың соңы селге ұласып, жолдарды басып қалуы мүмкін. Елдің орталық және солтүстік бөлігін қар басса, басқа аймақтарда бұршақ жауады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы