427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Брюссельде Еуроодақ саммиті қорытындыланды

  • 252
  • UPD: 23:47, 11.12.2020

Брюссельде Еуропалық Одақтың саммиті аяқталды. Бірінші күні кәрі құрлық қауымдастығының 7 жылға арналған бюджеті мен Қалпына келтіру қорының жұмысы тоқтатылды, сондай-ақ Ресейге қарсы санкциялар тағы жарты жылға ұзартылды.

Екінші күні Түркияға қарсы Оңтүстік Жерорта теңізіндегі жағдайға байланысты санкциялар енгізілді. Еуроодаққа мүше елдердің басшылары 2030 жылға қарай ауаға бөлінетін зиянды қалдықтарды 2 есе қысқартуға және вакцинаны барлық 27 елге бір уақытта жеткізуге келісті. Бірақ Британиямен арадағы сауда келісіміне қатысты мәселе әзірге шешімін таппады.

Ангела Меркель, ФРГ Канцлері:

- Германияның Еуроодақтағы төрағалығы кезінде Түркиямен қарым-қатынасымыз жақсара ма деп үміттеніп едік. Өкінішке орай, оңтүстік Жерорта теңізінде бұрғылауға қатысты көптеген келеңсіз оқиғалар болды. Сонда да біз Түркияға қол ұшын созып, бірлесе жұмыс істегіміз келеді.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия Президенті:

- Адал бәсеке әлемдегі ең үлкен бірыңғай нарық - Еуроодақ нарығына кіру үшін бастапқы шарт. Осыны британдық әріптестерімізге бірнеше рет айттық. Балық аулау мәселесі бойынша шешім сол беті қабылданбады. Осы және басқа түйткілдерге қатысты келіссөздер жалғасуда. Жексенбіде нақты шешімге келеміз.

Хабар 24 телеарнасы