Бұған дейін 30 жыл бойы песоның 2 түрі айналымда болған еді.
Екінші песо АҚШ долларына байлаулы болатын. Енді ол қолданыстан шығарылмақ. Ел президентінің айтуынша, жаңа реформа тығырыққа тірелген экономиканы сауықтырып, бизнес-ахуалды жақсарту үшін қажет. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бір доллар 24 песоға бағаланады. Осылайша ұлттық валюта соңғы 61 жылда алғаш рет құнсызданбақ. Экономистер бұл өзгерістер кубалықтардың тұрмысына теріс әсер етеді, бірақ қиындық көпке созылмайды деп болжайды. Сондай-ақ инфляция деңгейі өседі деген жорамал бар. Үкімет жалақы мен зейнетақыны 5 есе ұлғайтуды жоспарлап отырғанын айтады.