433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чилиде ереуіл қатысушылары автобустарды өртеді

  • 225
Чилиде ереуіл қатысушылары автобустарды өртеді

Чилиде наразылық акциясының қатысушылары 4 бірдей автобусты өртеп жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда ешкім жапа шеккен жоқ. Бұдан ертерек ереуілшілер көшелерді жауып тастаған. Полицйелер жиылған жұртты суатқыштардың көмегімен таратты. Айта кеткен жөн, Чилиде былтырғы күзден бері ереуілдер басылмай келеді. Халық биліктің отставкаға кетуі мен әлеуметтік реформалар жүргізуін талап етіп отыр. Төмен жалақы мен зейнетақыға шағымданған тұрғындар коронавирус кесірінен жағдай одан бетер қиындап кеткенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы