430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Техас бас прокурорының президенттік сайлауға қатысты арызы кері қайтарылды

  • 171
  • UPD: 19:41, 12.12.2020
АҚШ-та Техас бас прокурорының президенттік сайлауға қатысты арызы кері қайтарылды

АҚШ-тың Жоғарғы соты Техас бас прокурорының президент сайлауына қатысты арызын кері қайтарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шағымда Джорджия, Мичиган, Пенсильвания және Висконсин штаттарында дауыс беру нормалары бұзылды делінген. Сол себепті арызданушы саяси дода нәтижелерін заңсыз деп санауды талап еткен. Аталған штаттардың төртеуінде де Джо Байден басым түскен. Техас бас прокурорының арызын 17 штат қолдап отыр.

Айта кеткен жөн, АҚШ-та президенттік сайлау қарашаның басында өтті. Бірақ ресми нәтижелер әлі күнге дейін жария етілген жоқ. Алайда алдын ала есептеулер мен шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Джо Байден жеңіске жеткен.

Хабар 24 телеарнасы