425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Швеция қолма-қол ақшадан бас тартуды көздеп отыр

  • 286
  • UPD: 20:16, 12.12.2020
Швеция қолма-қол ақшадан бас тартуды көздеп отыр

Швеция қолма-қол есеп айырысудан бас тартпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл ақшаны қолдану көрсеткіші рекордтық деңгейге дейін төмендеген. Корольдікте қолма-қол ақшаның үлесі бүкіл төлемдердің 10%-іне де жетпейді екен. Тақауда жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсеткендей, елде 18 бен 34 жас аралығындағы тұрғындардың 75%-і қағаз ақшаны сирек пайдаланады немесе қолданбады. Қазір мұнда ауқымды зерттеу жүріп жатыр. Ол 2022 жылдың қарашасында аяқталады. Қорытындысы бойынша, Швецияда ұлттық ақша – кронаның орнына цифрлық валюта пайда болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы