419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцария туристердің шаңғы курорттарына келмеуін өтінді

  • 158
  • UPD: 07:48, 13.12.2020
Швейцария туристердің шаңғы курорттарына келмеуін өтінді

Швейцария үкіметі шетелдік туристерден тау-шаңғы курорттарына әзірге келмеуін өтінді. Бұған дейін Германия канцлері Еуропа елдерін демалыс орындарын қаңтарға дейін жабуға шақырған еді.

Алайда Швейцария билігі одан бас тартып, тау-шаңғы шипажайлары ашық болатынын айтқан. Бірақ елдегі эпидемиологиялық ахуал нашаралап кетті. Сөйтіп, 12 желтоқсаннан бастап мұнда жаңа карантиндік шаралар күшіне енді. Шараларға сәйкес, кейбір өңірде дүкендер, барлар мен мейрамханалардың жұмысы шектелді. Тиісті ереже келесі жылдың 22 қаңтарына дейін күшін жоймайды.

Жалпы бұған дейін Швейцариямен қоса Австрия билігі де қысқы демалыс орындарын жабудан бас тартқан. Өйткені бұл елдерде әлемдегі ең ірі тау-шаңғы шипажайлары орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы