429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде ереуілге шыққандар Нетаньяхудың отставкасын талап етті

  • 182
  • UPD: 13:34, 13.12.2020
Израильде ереуілге шыққандар Нетаньяхудың отставкасын талап етті

Иерусалимде 2 мыңға жуық адам ереуілге шықты. Олар Израиль премьер-министрінің отставкасын талап еткен.

Жиылған жұрт «басы дауға қалған үкімет басшысының қажеті жоқ» дейді.

Израиль премьер-министрі жемқорлық, алаяқтық және халық сенімін теріс пайдалану бойынша айыпталып отыр. Нетантьяхуға қатысты сот келесі жылы басталуы тиіс. Бірақ Биньямин Нетаньяху тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып отыр. Одан бөлек ереуілшілер премьер-министрдің коронавируспен тиімсіз күрес жүргізгенін айтады. Негізі сауалнама нәтижелері көрсетіп отырғандай, пандемия кезінде Биньямин Нетаньяхудың беделі күрт төмендеген. Өйткені халықтың пікірінше, оның эпидемия кезінде дұрыс әрекет етпеуі Израильді дағдарысқа әкеп соқтырған.

Хабар 24 телеарнасы